![]() |
Добро пожаловать! aliquet sit at Praesent |
Қош келдіңіздер!!!Алғы сөз Қымбатты оқырман! Мәртөк ауданының орталығында ұлттық мектептің қара шаңырағы саналатын, салынғанына ғасырға жуық уақыт өткен білім ордасы бар. Ол қазіргі - №4 Мәртөк орта мектебі. Ғимарат аласа көрінгенімен ұрпақтарға аңыз етіп айтарлықтай тарихы бар.Мектептің іргетасы 1934 жылы қаланған.1935 жылы Мәртөк ауылындағы ең алғашқы қазақ бастауыш мектебі болып ашылған. Кейін орта мектепке айналып, соғыс жылдары оқушылар саны азайғандықтан жетіжылдық мектеп болып қалған екен. Ал соғыс жылдарынан осы ауыл – аймақтағы тек қана қазақ балалары ғана емес, неміс, шешен, татар балалары да білім алған ортақ білім ордасы болған. Уақыт өте береді, мектепте оқушылар саны азайса да,көбейсе де, мектеп білім беруді жалғастыра береді. 2018 жылы мектеп жаңа ғимаратқа көшіп, №4 Мәртөк жалпы орта білім беретін мектебі атауына өзгертілді. |
|